Депутаттар газдың жоғары бағасына наразы

Нұр-Сұлтан, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы газ бағасын тіпті қолайлы деп айтуға келмейді. Мұнда көгілдір отынға ең жоғары тарифтер тиесілі. Осыған байланысты «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары еліміздің премьер-министрі Асқар Маминге сауал жолдады.

Олардың айтуынша, партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған тұрғындары газ бағасының қымбаттығына шағымданып келіп жатыр.

Қазақстанның орталық және солтүстік облыстарын газбен қамтамасыз ету үшін «Сарыарқа» газ құбыры салынды, соның нәтижесінде орталық және солтүстік Қазақстанның жақын маңдағы 171 елді мекенінен 2,7 млн-ға жуық адам газ құбырының бойымен жылыту және басқа да тұрмыстық мақсаттар үшін табиғи газға қол жеткізді. Энергетика министрінің «Ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес республикадағы халық үшін тауарлық газдың бағасы өңірге байланысты 7 269 теңгеден 34 600 теңге аралығында айқындалған, — деп нақтылады халық қызметтері.

Ең жоғары тарифтер үш аймаққа тиесілі: Нұр-Сұлтан, Ақмола және Қарағанды облыстары.

Үкіметке халықтың әлеуметтік осал топтарының газ тарату желілеріне қосылу шығындарын субсидиялау және газ құбырына қосылатын 171 елді мекеннің бүкіл халқы үшін жылыту кезеңінде тауарлық газдың құнын субсидиялау бағдарламасын әзірлеуді тапсыруыңызды сұраймыз. Осындай шаралармен мемлекет біздің азаматтарымызды қатты отын қолданудан арылтып, газдандыру процесін едәуір жеделдетіп, елордадағы және «Сарыарқа» газ құбырына қосылған басқа да елді мекендердегі экологиялық жағдайды жақсарта  алады», — деп түйіндеді «Халық коммунистері» фракциясы.

Добавить комментарий