Асыл тұқымды құсты репродукциялаумен айналысатын кәсіпорындарға инвестициялауға қызығушылық болмағандықтан, ҚКХП фракциясының депутаттары оларды субсидиялауды ұлғайтуды ұсынды.
ҚКХП фракциясының депутаттары құс шаруашылығына арналған асыл тұқымды репродукторларды салу және кеңейту кезінде өтемақы үлесін 80%-ға дейін ұлғайту қажеттігін мәлімдеді. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айқын Қоныров Премьер-министрдің атына сұрау салды.
«Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі факторы, елдің тұрақты дамуы мен экономикалық өсуін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады. «Халық коммунистері» фракциясы 2020 жылдың қазан айында азық-түлік өнімдерінің 10,7%-ға қымбаттағанын атап өтті. Жұмыртқа бағасы рекордтық өсімді көрсетті — 18,8%, қазақстандық құс етінің қымбаттауы бойынша тұрақты үрдісі байқалады», — деді Айқын Қоныров.
Депутаттың айтуынша, саладағы қазіргі ахуал елімізде асыл тұқымды базаны құру үшін инвестициялық субсидиялау бойынша қабылданған ережелердің күтілетін нәтижелерге қол жеткізбегенін көрсетеді.
«3 жылдан астам уақыт өтті, бірақ отандық бизнес те, шетелдік инвесторлар да бұл мәселеге қызығушылық танытпады. «Халықтық коммунистер» фракциясы құс шаруашылығын үздіксіз дамыту үшін асыл тұқымдық жұмыстың маңыздылығын мойындап, сала үшін олардың тиімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы субсидиялау ережелерін қайта қарау қажет деп санайды. Мемлекет құс шаруашылығына арналған асыл тұқымды репродукторларды салу және кеңейту кезінде өтемақы үлесін 80%-ға дейін ұлғайту», — деді Айқын Қоңыров.
Ол сондай-ақ саладағы селекцияның тиімді әдістерін, отандық тауықтардың жоғары өнімді кросстарын алу үшін заманауи бағдарламаларды әзірлеу үшін жағдайларды қамтамасыз ету қажеттігін айтты.