Әлеуметтік желілерде жарияланған Семей қаласының депутаттары бетперде тақпай түскен сурет халық қалаулыларына қатысты әкімшілік хаттамаларды рәсімдеуге негіз болды.
Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Берік Тілебалдиннің мәліметінше, айыппұл санкциялары қызу талқыға түскен суреттегі барлық депутаттарға салынады.
Санитарлық талаптарды бұзған жеке тұлға ретінде әркім ақы төлеуі керек. Айыппұл сомасы – 30 АЕК, бұл шамамен 85 мың теңге.
Депутаттардан бөлек, суреттен бірнеше шенеуніктерді байқауға болады, соның ішінде қала әкімі Ермақ Сәлімов пен оның орынбасары Айдар Садырбаев. Олар да басқалар сияқты жауапкершілікке тартылады.
Кейбір депутаттар айыппұл төлеп, әлеуметтік желілерде бөлісуге асықты.
Анықтама! Депутаттық “бетпердесіз” суреті VII шақырылған мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында түсірілді, содан кейін әлеуметтік желіге жарияланды.