Депутат ұлының әскери бөлімнен қашып кетуіне қатысты пікір білдірді: «Бәрі заң шеңберінде шешілетін болады»

Қазақстандық балуан және мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлының әскери бөлімнен қашып кетуіне қатысты пікір білдірді.

Әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған хабарламада ол ұлының жасағаны дизертирлік емес, балалыққа салынып «самоволкаға» шығып кеткенінін атап өтті.

Тұрлыханов ұлының Қазақстан Қарулы күштерінің сапында жауынгер болып жүргенін мақтан тұтатынын атап өтіп, жастықтың жалынымен қателік жасағанын айтты. Ол ұлына осындай ақпараттар психологиялық ауыртпалық түсіретініне алаңдаушылық білдірді, өйткені оған қоғамдық қысым тым қатаң болып отыр. Сондай-ақ, Тұрлыханов ұлының тағдыры заң шеңберінде шешілетінін атап өтті. Ол қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтіп, жұртшылықтан түсіністікпен қарауды сұрады. Бұған дейін, ақпан айында депутаттың ұлы Нұрасыл Болат Алматыда екі заңгерге ауыр дене жарақатын салғаннан кейін «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс бойынша айыпталған болатын. Тұрлыханов осындай жағдайда шешім қабылдау кезінде заңға негізделуі тиіс екенін бірнеше рет атап өтті.

Добавить комментарий