Депутат үкіметті жалған статистиканы қолданады деп айыптады

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Қазақстан үкіметі жалған статистикалық мәліметтерді қолданады деп ашық айыптады.

Бұл туралы ол Қазақстан премьер-министрінің атына жолдаған сауалында мәлімдеді.

«Қағаз жүзіндегі дәйексіз статистикалық деректердің қағаздағы алшақтығы сын көтермейді. Сондықтан осы саладағы тәсілдерді жедел түрде реттеу қажет деп санаймыз. Статистика саласындағы таза, ашық және әділ әрекеттердің жаңа тәртібін анықтаған жөн деп санаймын. Сондай-ақ қысқа мерзімде БАҚ-ты шақыра отырып, ұлттық халық санағын өткізу үшін жұмсалған қаражат туралы есеп беруді сұраймыз. Статистикалық мәліметтерді ретке келтіру уақыты келді», — деді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Добавить комментарий