Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Қазақстан премьер-министріне вейп сатуға тыйым салу туралы ұсыныс жасады. Ол вейптерді бақылаусыз сату, қолжетімді бағада болуына байланысты вейптер оқушылар мен жастар арасында танымал екенін айтты.
Депутат атап өткендей, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдан бастап вейп айналымына тыйым салу мәселесін көтерді, алайда бұл мәселе әлі күнге дейін ашық күйінде қалып отыр. Ол сондай-ақ «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс темекі өнімдерін, оның ішінде электронды өнімдерді сөрелерге орналастыруға тыйым салатынына назар аударды, бірақ сатушылар вейптерге қатысты бұл норманы сақтамайды.
Депутат министрлерден Қазақстанда вейп сатуға толық тыйым салу мүмкіндігін қарастыруды сұрайды. Бүгінгі таңда Дания, Норвегия, Аргентина, Канада және Таиланд сияқты 32 елде вейп сатуға тыйым салынған.