Депортация: ковид сынамасының болмауына байланысты Қазақстаннан үш елдің азаматтары шығарылды

Үш адам Қазақстаннан депортацияланды. Олардың барлығы Ресей, Өзбекстан және Армения елдерінің азаматтары.

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұлов Ресей, Өзбекстан және Армения азаматтары депортацияланғанын айтты. Олардың COVID-19 экспресс тестінен өткені туралы анықтамалары жоқ.

Жалпы, елге 19 қазанда түнде 10 халықаралық әуерейсі, 1136 жолаушы келді. Оның ішінде 938 жолаушының анықтамасы болған, анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының саны — 198.

1) Нұр-Сұлтанға 6 рейс, 565 жолаушы келді, 424 анықтамамен, анықтамасыз- 141;

2) Алматыға — 3 рейс, 494 жолаушы, анықтамамен- 446, анықтамасыз- 48;

3) Ақтауға — 1 рейс, 77 жолаушы, анықтамамен — 68, анықтамасыз — 9.

Анықтамасыз ұшып келген Қазақстан азаматтары ПТР сараптама тапсыру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларында карантиндік стационарға жатқызылды

Добавить комментарий