Депардье тағы да қыз зорлады деп айыпталды

Жерар Депардье тағы да қыз зорлады деп айыпталды.

25 жастағы канадалық актриса Шарлотта Арнольд болды оның үстіне шағым түсірді.

France News Live басылымының хабарлауынша, «Френки Дрейк жұмбақтары» телехикаясының жұлдызы 25 жастағы Шарлотта Арнольд Twitter-де француз актері өзін зорлағанын жазды. Ол бұл жайттың 2018 жылдың тамыз айында орын алғанын, бірақ ешкімге тіс жармағанын атап өтті. Бірақ «жая қой салудан жаны тыныштық таппаған».

«Мен Депардьенің құрбанымын. Мен бұдан былай үнсіз қала алмаймын… Бұл менің өмірімдегі ауыр сынақтардың бірі болуы мүмкін», — деп мәлімдеді Шарлотта Арнольд.

72 жастағы әртіс өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады. Жерар Депардьенің адвокаты оны ақтап алу үшін барын салатынын мәлімдеді.

Жерар Депардьеге қыз зорлады деген айып тағылғаны туралы алғаш рет 2020 жылдың ақпан айында белгілі болды. Сол кезде жас актриса актердің үстіне шағым түсірген хабарланған болатын, оның айтуынша, оқиға 2018 жылдың жазында болған. Тергеу амалдары қылмыс құрамы анықталмағандықтан 2019 жылдың маусым айында тоқтатылды. Актер қыздың айтақн айыптарын жоққа шығарды.

2020 жылғы тамыз айында Париж прокуратурасы істі қайта бастау туралы сұрау салды. Қазан айында тергеу амалдарының қайта басталғаны хабарланды.

Жерар Депардьенің Франция және Ресей азаматтығы бар. Франция билігі 1 млн еуродан астам табысқа 75 пайыздық салық салғаннан кейін актер Ресей азаматтығын алуға шешім қабылдады. 2014 жылдың ақпан айында француз актері Саранск қаласында тіркеліп, Грозныйдан пәтер алды. 2018 жылдың желтоқсанында Депардье Новосибирскіде тіркелді.

Добавить комментарий