Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинация туралы жиі қойылған сұрақтарға жауап берді. Олардың арасында: коронавируспен ауырып шыққандарға вакцина салдыру керек пе, екпе қаншалықты қауіпті және олар аллергиялық реакция тудыруы мүмкін бе.
9. Ресейден басқа тағы қандай вакцина өндірушілермен ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр?
Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Sinovac, Sinopharm (Қытай), Phizer (АҚШ) сияқты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина өндірушілермен келіссөздер жүргізуде.
10. Біздің елімізде қандай вакциналар әзірленуде?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина-кандидаттардың қатарында Қазақстан өндірісінің 5 кандидат-вакцина бар.
Біріншісі — клиникалық зерттеулер кезеңінде тұрған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі — БҚП ҒЗИ) әзірлеген инактивті вакцина.
Қалған төртеуі — клиникаға дейінгі зерттеулер кезеңіндегі және әзірлемелердегі суббірлік вакциналар
- Қазақ ұлттық аграрлық университеті Огайо мемлекеттік университетімен бірге (АҚШ);
- Қазақ ұлттық аграрлық университеті;
- М.Айқымбаева атындағы Ұлттық қауіпті инфекциялар орталығы;
- БҚП ҒЗИ.
11. Вакцинацияның электронды паспорты дегеніміз не?
Вакцинацияның электронды паспорты — бұл вакцинацияның медициналық тарихы. Қазіргі таңда ЭВП әзірлеу аяқталу үстінде тұр.
Вакцинацияның электронды паспорты вакцинациядан кейін бірден eGov Mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді болады. ЭВП-де азамат туралы, ол алған вакцина түрі, вакцинация процедураларының кезеңдері, сондай-ақ вакцинациядан кейінгі кезеңдегі бақылау туралы мәліметтер қамтылатын болады.
12. Желіде халықты вакцинация арқылы жаппай чиптеу туралы сыбыс тарауда. Бұл қаншалықты рас?
«Қазақстан Республикасында ешқандай вакцинация адамдарды чиптеуге арналмаған. Екпені алмас бұрын әрбір адам вакцинаның құрамы туралы ақпарат берілген нұсқаулықпен танысуға құқылы», — деп сендіреді Денсаулық сақтау министрлігі.
13. Неліктен коронавирусқа қарсы вакцина тез әзірленді?
Пандемия кезеңінде осы вакцинаға аса қажеттілік туындады. COVID-19-ға қарсы вакциналарды әзірлеу бүкіл әлемде жаппай вирус жұқтыру және адамдардың коронавирустық инфекциясынан өлім жағдайында аса шұғыл жағдайларда жүргізілді. Бұдан басқа, фармацевтикалық компаниялар проблеманың жаһандық болуына байланысты вакцинаны жылдам әзірлеуге ресурстар құйды. Бірақ оны әзірлеу жылдамдығы компаниялардың қауіпсіздік хаттамаларын айналып өткенін білдірмейді.
«Спутник V» вакцинасына келер болсақ, ол құрылған Гамалея атындағы ЭжМҒЗО алдыңғы әзірлемелерге сүйенді. Пандемияға дейін орталық құрамында SARS-CoV-2 коронавирусын қамтитын РНҚ-ға қарсы вакциналар мен препараттар жасау үшін технологиялық платформа ашты, оған коронавирус та жатады.
14. COVID-19 жұқтырып, емделіп шыққандарға вакцинация қажет пе?
Бүгінде КВИ-мен ауырып шыққандарды вакцинациялау мәселесі талқылануда. Айта кету керек, бірқатар әлемдік мәліметтер бойынша антиденелер КВИ-ді жазылғаннан кейінгі 3-6 ай өткеннен кейін жоғалып кетеді, содан кейін адам қайтадан жұқтыруы мүмкін.
15. Бүгінде коронавирусқа қарсы вакцинаны әлемдік көшбасшылар мен танымал тұлғалардың қайсысы салдырды?
АҚШ-та жаңадан сайланған президент Джо Байден вакцинаны салдырды, ол 78 жаста және ол тәуекел тобына жатады. Байденге Pfizer мен BioNTech вакцинасы салынды.
Гвинея президенті Альфа Конде «Спутник V» вакцинасымен салдырған алғашқы мемлекет басшысы болды. Сондай-ақ, елде жоғары лауазымды 19 тұлға, оның ішінде Қорғаныс министрі егілді.
Аргентина президенті Альберто Фернандес те коронавирустық инфекцияға қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды. Президентке дейін Буэнос-Айрестің денсаулық сақтау министрі Даниэль Голлан вакцина салдырды.
Венесуэла президентінің ұлы Николас Мадуро Герра коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды.
Түркия президенті Режеп Ердоған коронавирустық инфекцияға қарсы қытайлық СoronaVac препаратын салдырды. Алғашқы екпені Түркия денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Қожаға жасалды.
Ватиканда 84 жастағы Рим папасы Франциск пен 93 жастағы Бенедикт XVI Pfizer вакцинасын салдырды.
Актер және Калифорнияның бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер коронавирусқа қарсы Pfizer және BioNTech вакцинасымен егілді. Америкалық деректі кинорежиссері Оливер Стоун ресейлік коронавирустық инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасын салдырды.
Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпені алғашқылардың бірі болып ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов салдырды. Сондай-ақ, еріктілер қатарында ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев вакцина салдырды.