Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов коронавируспен сырқаттанудың шыңы туралы айтты.
«Қазіргі таңда ағымдағы эпиджағдай тұрақты болып саналады. Қосымша локдаундарды енгізуге қатысты — сырқаттанудың шыңын қай кезеңге болжап отырмыз? Бұған дейін денсаулық сақтау министрі, біздің болжамымыз бойынша бұл желтоқсан мен қаңтар айлары болғанын айтқан болатын», — дейді Қиясов.
Ол қазір жағдай оптимистік сценарий бойынша дамып келе жатқанын баса айтты.
«Ағымдағы жағдай көрсеткендей, оқиғалар оптимистік болжам бойынша дамып келеді. Осыған сәйкес біз апта сайын өзіміздің болжамды деректерімізді қарастырамыз. Мен қазір осы жағдайдың дамуы немесе пессимистік болжам бойынша нашарлауы кезінде аурудың шыңы қаңтар мен ақпанның аяғында болады деп болжауға болады», — деп өз болжамымен бөлісті еліміздің бас санитарлық дәрігері.