Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша ахуалдың үш жаңа сценарийі туралы айтты

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидахуалдың үш сценарийдегі ықтимал болжамын айтты.

«Министрлік коронавирустық инфекция (КВИ) бойынша қараша айына дейінгі эпидемиологиялық ахуалдың болжамын жаңартты. Пессимистік сценарий бойынша қыркүйекте тіркелетін жағдайлардың орташа тәуліктік саны 6,3 мыңға дейін, қазан айында 2,4 мың жағдайға дейін болады», — деді Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сейсенбі күні өткен үкімет отырысында.

Шынайы сценарий бойынша, қыркүйекте 5,3 мың жағдайға дейін, қазанда 1,8 мың жағдайға дейін болады деп күтілуде.

«Оптимистік сценарий бойынша қыркүйекте — 4,2 мың жағдайға дейін, қазанда — тәулігіне 1,3 мың жағдайға дейін», — деп болжады Цой.

Добавить комментарий