Денсаулық сақтау министрі қазақстандық вакцинаны салдырады

Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыру туралы шешімін түсіндірді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой COVID-19-ға қарсы екпе салдыру үшін қазақстандық вакцинаны әзірленуін күтіп отырғанын мәлімдеді.

«Мен денсаулық сақтау министрі ретінде дәл осы қазақстандық вакцинаны қолдағым келді. Ол шыққанда кезде мен вакцинаны алғашқылардың қатарында оны салдырамын», — деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ОКҚ-да өткен брифингте.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда вакцинацияға рұқсат етілген барлық вакцина тексерілді және қауіпсіз екенін атап өтті.

«Өздеріңіз білесіздер, қазір ресейлік «Спутник V» вакцинасы жеткізілді. Біздің министрлік пен өңірлердегі әріптестеріміз осы вакцинаны салдырды. Басқа медицина қызметкерлері де екпе салдырды. Бұл вакцина тиімді әрі қауіпсіз. Сонымен қатар, бізде Қазақстанда инактивтендірілген QazCovid-In вакцинасы әзірленіп жатыр», — деп толықтырды Алексей Цой.

Оның айтуынша, отандық вакцинаны зерттеудің барлық кезеңдері ерекше бақылауда.

«Қазір клиникалық сынақтың соңғы фазасы жүріп жатыр. Үш мың ерікті екпе салдырды. Вакцина жақсы нәтиже беріп жатыр», — деп түйіндеді спикер.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық инфекцияға қарсы қазақстандық өндірістің вакцинасын салдыруға ниетті екенін хабарлады.

Добавить комментарий