«Demoscope» сауалнамасы: Қазақстандықтардың 39 пайызы КВИ туралы ақпараттың дұрыстығын анықтау қиын деді

Алынғансауалнама нәтижесіне сәйкес ел азаматтарының 39%-ы коронавирус туралы акпараттың дұрыстығын анықтау қиын дейді. «Қазақстандағы пандемия кезінде таралған ақпарат көздерінің сапасы және оған халықтың сенімі» тақырыбында әлеуметтік сауалнама жүргізілгеннен кейін «Demoscope» қоғамдық пікірінің жедел мониторингі бюросы осындай қорытындыға келді.

Респонденттердің 30%-ы рас ақпаратты алған ақпараттан оңай ажырататынына сенімді. Сауалнамаға қатысқандардың 30%-дан астамы бұл сұраққа нақты жауап бере алмады.

«Медиасарапшылар мемлекет, БАҚ және азаматтар арасындағы сенімнің жойылып бара жатқанын айтып жатыр — адамдар дәстүрлі ақпарат көздеріне қарағанда мессенджерлердегі хабарламаларға көбірек сенеді. Бұл дағдарыс ақпараттық эпидемияны, коронавирус туралы жалған ақпараттың таралуын тудырды және жалпы саяси коммуникациялар үрдісін ушықтырды», — делінген зерттеуде.

Demoscope сауалнама кезінде азаматтардың ақпарат көздеріне деген сенім деңгейін зерттеді. Қазақстандықтардың жартысына жуығы (46%) COVID-19 туралы дәрігерлер мен медицина қызметкерлері COVID-19 туралы сенімді, шынайы ақпарат таратады деп есептейді.

19%-ы ресми биліктің және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сенеді. Сауалнамаға қатысушылардың 14%-ы ғалымдар мен сарапшыларға, 10%-ы таныстарына, 8% -ы блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушылары сенеді.

Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, қазақстандықтардың көбісі COVID-19 таралуы туралы жаңалықты қалт жібермейді. Респонденттердің 11%-ы коронавирус туралы ақпараттарға мүлдем қызықпайды. 43% жаңалықтарды мұқият қарайды, ал 28% мұқият десе болады.

Қазақстандықтар коронавирус туралы ақпаратты телеарналардан алғанды жөн көреді — сұралғандардың 91%-ын осылай жауап берді, бұл ретте респонденттердің 72%-ын қазақстандық телеарналар, 19%-ы шетелдік телеарналарды көреді. Бұл ретте сауалнамаға қатысушылардың көбі — 25-44 жаста (47%), 65 жастан асқан респонденттердің жасы — 8% ғана. Көлемі бойынша екінші ақпарат көзі әлеуметтік желілер болды (24%), интернет-басылымдардың үлесі 20%-ды құрады.

Коронавирус инфекциясының қаупі туралы қоғамдық пікір өзгермеген. Өткен жылғы Demoscope жүргізген сауалнамада азаматтардың жартысына жуығы COVID-19-ды адамзатқа төнген үлкен қауіп деп санайтынын анықтады. Осы сауалнамада қазақстандықтардың 50%-ы коронавирус қаупі әсіреленген, бұл қарапайым тұмау деген пікірмен келіспейтінін көрсетті. Сауалнамаға қатысқандардың төрттен бірі бұл көзқараспен келіседі.

«Пандемия кезінде Қазақстанда әртүрлі конспирологиялық теориялар таралды. Кең таралған жалған ақпараттың бірі коронавирустың 5G мұнаралары арқылы таралуы. Сауалнама нәтижесіне сүйенсек, 48% респондент бұл ақпаратқа сенбейді, 6% фейкке сенген, ал 45% қатысушы сенетінін не сенбейтінін нақты айта алмады», — деп атап өтті сарапшылар.

Сауалнама нәтижелері ақпараттық саясат пен ресми ақпаратты жедел тарату нәтижелігі өте жоғары екенін көрсетті, бұл осы жұмыстың сапасын, сондай-ақ халықтың медиа сауаттылық деңгейін арттыру қажеттілігін жоққа шығармайды.

«Халықтың басым бөлігі жалған ақпаратқа бірден сенеді және көбісінің теледидардағы ақпаратқа сенетініне қарамастан мемлекетке сенбеуге бейім», — деп түйіндеді зерттеушілер.

“Қазақстандағы пандемия кезінде таралған ақпарат көздерінің сапасы және оған халықтың сеніміа” тақырыбында зерттеу 27 ақпан мен 4 наурыз аралығында жүргізілді. Сауалнамаға 14 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан 1100 адам қатысты. Олардың 53%-ы ер адам және 47%-ы 18 жастан асқан әйелдер.

Добавить комментарий