Ал Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың үнділік деп аталатын «Дельта» штамы еліміздің барлық өңірінде анықталғанын хабарлады. Зерттеу үшін алынған сынамалардың 48,3%-ы оның барын көрсетті.
Денсаулық сақтау министрлігі науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР-скринингін өткізді. 414 сынаманың 48,3%-інде «Дельта» штаммы анықталды. Ол Қазақстанның барлық өңірінде табылды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің сайты.
Мутацияның болуын және оның «Дельта» штаммына жататындығын түпкілікті растау үлгілердің ДНҚ толық геномдық реттілігі аяқталғаннан кейін анықталады.
“Дельта” штамының клиникасының ерекшеліктері-инкубациялық кезеңнің 5 күнге дейін қысқаруы, ішек белгілері басым, аурудың тез дамуы, жас жастағы науқастар санының көбеюі, балалар мен жүкті әйелдерге анағұрлым ауыр соғуы.
«Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардан өз денсаулығына және жақындары мен туыстарының денсаулығына қамқорлық жасауды сұрайды. Инфекциядан қорғаудың жалғыз әдісі- COVID-19 қарсы толық вакцинация. Вирустың таралу қаупін азайту үшін барлық алдын-алу шараларын сақтау қажет: маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету», — деп еске салды Денсаулық сақтау министрлігі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, «Дельта» штаммы әлемнің 96 елінде анықталды.