БҰҰ ҚК осы аптада Ауғанстан жөнінде отырыс өткізуді жоспарлауда

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі осы аптада Ауғанстан мәселелеріне арналған кеңес өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Бұл туралы Халықаралық ақпарат агенттігі дипломатиялық ортадағы ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлайды.

«Отырыс өткізілуі мүмкін, алайда әлі белгіленген жоқ», — деді сұхбаттасушы тиісті сұраққа жауап бере отырып.

14 сәуірде АҚШ президенті Джо Байден АҚШ тарихындағы ең ұзаққа созылған шетелдік әскери науқан болған Ауғанстандағы операцияны аяқтау туралы шешімін жариялады. Осы орайда ислам республикасында қауіпсіздік саласындағы жағдай нашарлағаны байқалады, «Талибан» қозғалысының содырлары (РФ-да тыйым салынған) бірқатар бағыттарда шабуылын күшейтті. Қозғалыс өкілдерінің айтуынша, тәліптер Иран, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан және Түрікменстанмен арадағы шекара бойында орналасқан аудандарды қоса алғанда, ел аумағының шамамен 85%-ын басып алды.

Сейсенбі күні БҰҰ ҚК Ауғанстандағы жағдай туралы мәлімдеме жасап, барлық тараптарды елдегі зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуді талап етті.

Добавить комментарий