ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының өкілі туристер мен саяхатшыларға жоспарлап отырған сапарға шықпас бұрын елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, демалатын орнын мұқият таңдауды ұсынды.
«Саяхаттар мен бұқаралық жиындар COVID-19-ды жұқтыру мен таралу қаупін арттырады. Пандемияның аяқталуы сіздің шешіміңізге байланысты», — деді маман. Жаз мезгілінде көптеген іс-шаралар өткізіледі, соның салдарынан жұқтыру жағдайларының артуда. Сондықтан адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуға, қолды жиі жууға, бетперде киюге және арақашықтықты сақтауды сұрайды. «ДДҰ сондай-ақ бәріне және кез келген жерде мүмкіндік бола қалса екпе жасатуға шақырады», — деп атап өтті ұйымдағылар. Естеріңізге сала кетейік, биолог үнді штаммы қандай қауіп төндіретінін, сондай-ақ Перуде анықталған жаңа мутация туралы айтты.