Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы саяхатшылар үшін вакцинация төлқұжатын енгізуге қарсы
Ұйымның бас директорының пікірінше, оны алдағы уақытта қолдану мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.
Алайда, болашақта вакцинациямен қамту күшейгенде төлқұжат енгізу мүмкіндігін қарастырса болады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) қазіргі уақытта саяхаттау үшін вакцинация төлқұжатын енгізуге қарсы. Бұл туралы сейсенбі күні өткен брифингте ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус мәлімдеді.
Болашақта ДДСҰ-ның ковид-төлқұжаты туралы пікірі өзгеруі мүмкін
«Бірақ алдағы уақытта вакцинациямен қамту күшейгенде осы мүмкіндікті қарастырамыз», — деп хабарлады Гебрейесус. Сондықтан, ДДСҰ басшысы атап өткендей, біркелкі жүйе құру үшін ұйым түрлі елдерге төлқұжат әзірлеу мәселесінде көмектеседі.