ДДСҰ басшысы бірқатар елдерде ковид жұқтырған науқастар саны артуына байланысты маска тағу режимін енгізу қажет екенін жариялады.
Коронавирус пандемиясы «әлі де аяқталмады», дегенмен көптеген елдер вакцинацияның арқасында барлық шектеу шараларын алып тастады, деп мәлімдеді Гебрейесус.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус әлем елдерін коронавирустың өршуіне байланысты масқа тағу режимін қайта енгізуге шақырды. Оның сөзін британдық Sky News телеарнасы келтіреді.
ДДСҰ басшысы пандемия «әлі де аяқталмағанын» мәлімдеді, алайда көптеген елдер халық арасында жүргізілген вакцинацияны аяқтап, барлық коронавирустық шектеу шараларын алып тастады. Оның айтуынша, омикрон-штаммның қосалқы нұсқалары әлем бойынша адамдардың вирус жұқтыруына, ауруханаға түсуіне және өлім жағдайларына себепкер болып отыр.
«Мен COVID-19 жұқтырғандардың саны артып келе жатқанына алаңдаймын. Бұл денсаулық сақтау жүйелері мен медицина қызметкерлеріне қосымша жүктеме туғызады. Мені өлім-жітімнің қайта өсуі де алаңдатады», — деді Гебрейесус.
Ол әлем елдерінің билігін «пандемияға қарсы күресте тексерілген әдістерді» — маска тағу, тестілеу және емдеу бағдарламаларын қайтаруға шақырды.