Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы уақытта коронавирустан қайтыс болғандан 43%-ға артқанын хабарлады.
Өткен аптада әлемде 10 млн-нан астам адам коронавирус жұқтырып, 45 мыңнан астам адам қайтыс болды.
ДДСҰ есебінде көрсетілгендей, бүкіл әлем бойынша апта сайынғы COVID-19 жұқтыру жағдайлары саны азайып келе жатқаны байқалады. Төрт өңірде де өлім-жітім көрсеткіші төмендеді.
Ауруды жұқтыру жағдайлары 14%-ға қысқарды. Бірақ осы аптада өлім-жітім көрсеткіші 43%-ды құрады.
Бір апта ішінде ДДСҰ-ға 10 805 132 адамның індетті жұқтырғаны туралы хабарлар келіп түсті. 45 711 өлім-жітім дерегі тіркелді. Өлім-жітім көрсеткіші Америкада (182%) және Оңтүстік-Шығыс Азияда (116%) өскені тіркелді.
COVID-19 пандемияся басталғалы бері әлемде коронавирусты жұқтырудың 485,2 млн-ға жуық жағдайы тіркелді. 6,1 млн адам қайтыс болды.