ДДСҰ коронавирусқа қарсы үшінші вакцинаны мақұлдағанын мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының басшысы Тедрос Адан Гебреисус коронавирусқа қарсы тағы бір, үшінші вакцинаны — Johnson&Johnson мақұлдағаны туралы ресми хабарлама жасады.

«COVAX аясында Johnson&Johnson вакцинасының 500 миллион дозасы қосымша дайындалды және біз оларды жақын арада аламыз деп үміттенеміз», — деді Гебрейесус.

ДДСҰ Johnson&Johnson вакцинасын бөлу әлемде халықты иммундауды едәуір жеделдетеді деп үміттеніп отыр. Бұл препарат Pfizer немесе Moderna сияқты тиімді емес, алайда оның бірқатар артықшылықтары бар.

Johnson&Johnson вакцинасын қарапайым тоңазытқышта сақтауға болады, бұл оны тасымалдау процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Бұдан басқа, аталған препаратпен толық вакцинациялау үшін бір ғана доза қажет.

ДДСҰ атап өткендей, Johnson&Johnson компаниясы қазір өндірісті кеңейтіп жатыр және көп ұзамай вакцина жеткізу мөлшерін ұлғайта алады.

Аталған препарат ДДСҰ мақұлдаған үшінші вакцина болды. 31 желтоқсанда ұйым Pfizer/BioNTech вакцинасын, ал 15 ақпанда — швед-британдық компания AstraZeneca вакцинасын мақұлдаған болатын.

Добавить комментарий