Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус брифингте әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны азайғанын мәлімдеді. Оның мәліметінше, мұндай статистика Еуропаның ауруды еңсере бастағанына байланысты.
«Бұл жақсы жаңалық, бірақ біз бұны өте қатты сақтықпен түсінуіміз керек», — деп толықтырды ол.
ДДСҰ бас директорының айтуынша, әлемнің басқа өңірлерінде COVID-19 жағдайларының саны әлі де өсіп келеді, сондай-ақ вирустан болатын өлім-жітім саны да артып келеді. Осыған байланысты ол жаңа жылдық мереке қарсаңында жауапкершілік танытып, пандемия кезінде мерекені тойлаудың қаншалықты қауіпсіз болатынын бағалауға шақырды.
Күні кеше ДДСҰ бір тәулік ішінде әлемде коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайларының саны 564 мыңнан асып, 8985 адам қайтыс болды деп хабарлады.
Әлемде коронавирусты жұқтырудың 61,8 миллионнан астам жағдайы анықталды, 1,4 миллионнан астам адам қайтыс болды.