ДДҰ ұзақ жұмыс күні зиян екенін айтты

ДДҰ шамадан тыс жұмыс күні адамдарда ерте өлім қаупі тудыратынын айтты.

Атап айтқанда, аптасына 55 сағат немесе одан да көп жұмыс жасайтын адамдарда 35-40 сағат жұмыс істейтіндерге қарағанда инсульт қаупі шамамен 35 пайызға, ал жүректің ишемиялық ауруынан ауруынан қайтыс қаупі 17 пайызға артады..

Бұдан басқа, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) және Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) баяндамасында 2016 жылы жұмыс күнінің ұзақтығына байланысты 2000 жылмен салыстырғанда 745 мың адам қайтыс болғаны атап өтілген.

«2016 жылы аптасына кемінде 55 сағаттан жұмыс істеген 398 мың адам инсульттен, 347 мың адам жүрек ауруынан қайтыс болды. 16 жыл ішінде жүрек ауруларынан қайтыс болғандар саны 42 пайызға, ал инсульттен көз жұмғандар 19 пайызға артты», — делінген баяндамада.

Бұл ретте жұмыс жүктемесі ерлердің денсаулығына қатты әсер етеді, өлімнің 72 пайызы осыған байланысты. Сонымен қатар, артық жұмыс істейтін адамдардың саны күн санап өсіп келеді және қазіргі уақытта әлем халқының 9 пайызын құрайды.

ДДҰ басшысы Тедрос Адан Гебреисус коронавирус пандемиясы көп нәрсені өзгерткенін атап өтті. «Қашықтан жұмыс істеу көптеген салада қалыпты жағдайға айналды. Сонымен қатар, көптеген компаниялар ақшасын үнемдеу үшін жұмысын тоқтатуға немесе жабуға мәжбүр болды, ал жалақыға жұмыс істейтін адамдар адамдар ұзақ уақыт жұмыс істеуге мәжбүр. Кез келген жұмыс инсульт алуына немесе жүрек ауруына шалдығуына алып келмеуі керек. Үкімет, басындағылар, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өз жұмысшыларының денсаулығын сақтау үшін шектеулерді бірлесіп келісуі керек», — деді ол.

Добавить комментарий