Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны артқанын хабарлады
Қаңтардың 2-сі мен 29-ы аралығында әлемде коронавирус инфекциясына тапсырған тест нәтижесі шамамен 20 млн адамда оң нәтиже көрсетті, ал 114 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Өлім-жітім көрсеткіщі өткен 28 күнмен салыстырғанда 65%-ға өсті, жұқтыру жағдайларының саны 78% -ға азайды.
28 күн ішінде Қытайда 11 354 058 жағдай тіркелді. Одан кейін Жапония — 3 207 097, АҚШ (1 513 538), Корея Республикасы (1 032 801) және Бразилия (459 986) тұр. Қытайда 2-29 қаңтар аралығында қайтыс болғандардың көбі тіркелді — 62 759 адам. Одан кейін АҚШ (14 625), Жапония (10 122), Ұлыбритания (3 137) және Бразилия (2 889) келеді.
ДДҰ-ға 1 ақпандағы жағдай бойынша пандемия басталғалы бері коронавирус жұқтырған 753 651 712 жағдай тіркелгені және коронавирустан 6 813 845 адам қайтыс болғаны туралы мәліметтер келіп түсті. Соңғы тәулікте ауру жұқтырудың 157 092 жағдайы анықталды, 720 адам қайтыс болды.