ДДҰ ресейлік вакцина жөнінде шешім таяу айда қабылданатынын хабарлады.
ДДҰ бас директорының көмекшісі Марианджела Симао Женевада өткен баспасөз мәслихатында осы аптаның соңына дейін ДДҰ қытайлық Sinopharm және Sinovac Biotech фармацевтикалық компанияларының вакциналарының қауіпсіздігін бағалауды аяқталуы мүмкін, ал маусым айының соңына қарай ресейлік «Спутник V» вакцинасы жөнінде шешім қабылдайды деп мәлімдеді. Қазіргі уақытта ДДҰ сарапшылары ресейлік вакцинаның өндірістік және клиникалық аспектілерін зерттеуді жалғастыруда.
«Біз толық дерекнама және өндірістік және клиникалық аспектілер бойынша барлық мәліметтерге қол жеткізгеннен кейін, вакцина техникалық сараптама тобына бағалауға беріледі. Біз бұл маусым айының аяғында немесе шілдеде болуы мүмкін деп есептейміз», — деді Марианджела Симао.