ДДҰ Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға 1,8 миллион доллар бөледі

Астанада ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің (ЕҚК) 73-ші сессиясы барысында Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДҰ Еуропалық бюросының арасында 2024-2025 жылдарға арналған екі жылдық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бүгін қол қойылған ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросымен ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде біздің денсаулық сақтауымызды дамытуға 1,8 млн доллар бөлу туралы шешім қабылданды. Бұл қаражат медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыру, аналардың, жаңа туған нәрестелердің, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, онкологиялық және басқа да жұқпалы емес аурулармен, АИТВ, ЖИТС, туберкулезбен күресу, медицина кадрларын оқыту, халықпен ақпараттық жұмыс және басқа да бағыттар үшін халықаралық ұйым тарапынан сараптамалық, әдіснамалық және техникалық қолдау көрсетуге бағытталатын болады

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният осы маңызды қадам үшін алғыс білдіріп, бұл ынтымақтастық медициналық көмектің сапасын арттыруға және оған барлық азаматтар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.

Денсаулық сақтау министрлері, ДДҰ сарапшылары, ДДҰ Еуропалық өңіріне мүше 80-нен астам мемлекеттің мамандары, сондай-ақ әріптес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысатын МСАК жөніндегі жаһандық конференциясы мен ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясының ерекше маңызын атап өтті.

Президент Тоқаев МСАК бойынша достастық елдер коалициясын құру туралы инновациялық ұсынысты ұсынды. Көптеген елдерде МСАК бойынша жағдай Қазақстандағыдай жақсы емес, олар негізінен қымбат технологияларға инвестициялармен шектеледі. COVID-19 пандемиясынан бері біз халықты қорғау бойынша ең жақсы нәтижені МСАК деңгейі жоғары елдер көрсетті.

Доктор Клюге Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру деңгейіне жоғары баға берді, бұл саладағы кадрлардың жетіспеушілігі мәселелерін шешуге көмектеседі.  Ол Қазақстанда психологтарды МСАК мамандары тобына қосуға көп көңіл бөлінетінін атап өтіп, психикалық денсаулық – әлемнің барлық өңірлерінде жаңа пандемия екенін атап өтті.

Журналистің коронавирус инфекциясы пандемиясының қайталануы туралы сұрағына Х. Клюге вакцинацияның, әсіресе қыс мезгіліне жақын, қауіп тобындағы адамдар, қарттар, созылмалы аурулары бар адамдар үшін маңыздылығын атап өтті.

Добавить комментарий