Санкт-Петербург кафесіндегі теракті жасады деп айыпталған Дарья Треповадан тоғыз сағаттық жауап алудан кейін оған жедел жәрдем шақырылды. Нақтыланған ақпарат бойынша, ол жарылыс салдарынан алған контузияға байланысты өзін нашар сезініп отырғанын айтып шағымданған. Ол сондай-ақ нашар естіп, өзін дұрыс ұстай алмаған Тергеушілер қызға күш көрсетпеді, барлық айғақтар видеоға жазылды.
2 сәуір күні кешкісін Дарья Трепова Солтүстік астананың Университет жағалауындағы «Стрит-бар» кафесінде әскери тілші Владлен Татарскийдің шығармашылық кешіне келген. Ол өзін Анастасия деп таныстырып, Татарскийге қолдан жасалған жарылғыш зат салынған мүсін сыйға тартқан. Жарылыстан Татарский қаза тапты, 42 адам зардап шекті. Қазіргі таңда 24 адам стационарлық деңгейде емделуде, ал үшеуінің жағдайы өте ауыр.
Дарья Трепова 3 сәуірде жалдамалы пәтерде ұсталып, бұлтартпау шарасын таңдау үшін Мәскеуге жіберілді. Келесі күні елорданың Басманный соты оны екі айға қамауға алды. Ол РФ ҚК 205-бабының 3-тармағы, 222.1-бабының 4-бөлігі «б» тармағы, атап айтқанда, «Адамды қасақана өлтіруге әкеп соққан ұйымдасқан топ жасаған террористік акт» және «Ұйымдасқан топ жасаған жарылғыш құрылғыларды заңсыз алып жүру» бабы бойынша көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталды.