Дархан Қалетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды

Дархан Аманұлы Қалетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Сонымен бірге, Самат Ордабаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен қоса атқарушы қызметінен босатылды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Туматов Айдарбек Әнуарбекұлы Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Қалетаев Дархан 1972 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысында Тарбағатай ауданында Приозерное кентінде дүниеге келген.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:

· Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (1994)
Тарихшы
· Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (1996-1997)

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

· Саяси ғылымдардың докторы, диссертация тақырыбы: «Қазақстан халқының әлеуметтік-саяси топтасуы: ерекшеліктер мен проблемалары», 23.00.02 — Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы Д 14.21.03 диссертациялық кеңесінде (Алматы қ., Достық даңғ. 13). Опп. Г.Ж. Ибраева, M.Б. Мұхаммедов, Г.Н. Иренов. Жетекші ұйым — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2008)

Еңбек өтілі:

 

· 1-санаттағы маман, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Тіл комитетінің жетекші маманы (1995);
· Қазақстан Республикасы Ұлттық саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің жетекшісі, бас маманы (1995-1996);
· Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігінің Тіл саясатын үйлестіру департаменті басқарма бастығының орынбасары, Алматы қаласы (05.1997-11.1997);
· Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаментінің жастар саясаты бөлімінің бастығы, Астана қаласы, (11.1997-2001);
· Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы, (2001-02.2002);
· Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры, Астана қаласы, (02.2002-11.2002);
· Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы (11.2002-2004);
· Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы (2004-2005);
· Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы (2005-2006);
· Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы (2006-12.01.2007);
· Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (12.01.2007-13.10.2008);
· «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «басқарушы директоры (11.2009-10.2016);
· Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі (04.04.2018-29.06.2018);
· Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі (03.07.2018-25.02.2019);
· Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы (25.02.2019-25.03.2019);
· Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары (25.03.2019-18.12.2019)

 

Добавить комментарий