Дания Украинаға Caesar артиллериялық қондырғыларын береді

Алдағы апталардың ішінде Дания Украина Caesar артиллериялық қондырғыларын береді. Дания қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, украиналық әскерилер қондырғыларды қолдану және қызмет көрсету бойынша оқытудан өтті.

Аталған көмектің құны шамамен $940 млн, бұл Дания Украинаға көрсетіп отырған көмектің бір бөлігі. Көмектің жалпы құны 6,2 млрд дат кронын құрайды.

Бұған дейін Дания үкіметі өз 19 артиллериялық жүйесін Украинаға беріп, украиналықтарға қолдануды үйрету туралы шешім қабылдаған болатын.

Дания Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Троэльс Лунд Поульсен бұл соғыс алаңында талап етілетін және украиналық әскерилерді жетістікке жетуіне ықпал ететін әкелетін сыйлық екенін атап өтті.

 

Добавить комментарий