Дания Ресейдің «Солтүстік ағын» және «Солтүстік ағын 2» газ құбырларында болған жарылыстарды тергеуге жол бермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды The Local порталы Дания СІМ басшысы Ларс Лёкке Расмуссенге сілтеме жасап.
Ол Дания, Швеция және Германияда заң үстемдігі барын және жүргізіліп жатқан тергеулерге әркім сенім арта алатынын атап өтті. Ресейге газ құбырларында болған жарылыстарды тергеуге қатысуға рұқсат берілмейді.
Дания СІМ басшысы тергеу амалдары мұқият жүргізілетінін және нәтижесі жария түрде жарияланатынын мәлімдеді.