Қазақстанда сынама ҰБТ бағасын арзандату мәселесі қарастырылып жатыр. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осындай тапсырма берді.
Бұл туралы ол БҒМ аппарат жиналысында мәлімдеді.
«Қаңтар және тамыз айларында дайындық ҰБТ тесті ақылы болады. Педагогтарды біліктілік тестілеу тегін, ал сынақ тесттері ақылы. Сынақтардың белгіленген бағаларын өзгерту қажет. Бір апта ішінде тестілеу бағасын екі есеге төмендетуді тапсырамын», — деді министр.