Дағыстан: Полиция мен белгісіз біреулер зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспанаға баса көктеп кірді

Дағыстанда шешен тәртіп сақшылары зорлық-зомбылық құрбандарынан сауалнама аламыз деген желеумен әйелдерге арналған баспана болып табылатын ғимаратқа баса көктеп кірді.

БАҚ-тың айтуынша, олар дағыстандық әріптестерінің қолдауымен әрекет еткен. Тәртіп сақшылары Дағыстанға қашып кеткен шешен қызды іздеп, оны сол жерде белсенділермен бірге ұстап, полицияға жеткізді.

Бұл ретте, полицейлер «федералдық іздеуде болған қыздан түсініктеме алатынын» мәлімдеген, алайда олар есік ашыла салысымен ішке баса көктеп кірді.

Құқық қорғаушы Светлана Анохинаның айтуынша, полицейлер мен белгісіз ер адамдар оны «аяқ-қолынан сүйреп, бірнеше рет ұрып-соққан, оны және бірнеше әйелді баспанадан күштеп алып шықты».

Полиция әкеткен әйел аяусыз жазалануы мүмкін. Полицияның айтуынша, ол үйінен қашып кеткеннен кейін іздеуде болған. Бұған дейін ол полицияға бейнеүндеу жолдап, құқық қорғау органдарынан өзін туыстарына қайтармауын сұраған болатын. Оның алдағы жай-күйі не болатыны белгісіз. Шешенстан ресми билігінің өкілдері жағдайға түсініктеме бермеді.

Добавить комментарий