Дағыстан басшысы Шәмхал кентіндегі колониядан қашып кеткен қауіпті қылмыскерлерді іздестіруге көмектескені үшін азаматтарға ірі сыйақы төлеуге уәде берді.
«Владимир Васильевтің айтуы бойынша (Дағыстан басшысы — ред.) ерекше қауіпті қылмыскерлерді іздестіру кезінде тергеуге көмектескені үшін 1 миллион рубльге дейін төлем төленеді. Ақша республика бюджетінен бөлінді», — делінген хабарламада.
Васильев бұл туралы бейнеконференция режимінде өткен кеңес барысында мәлімдеп, қашып кеткен сотталғандарды іздестіру бойынша жұмыста «аудан және қала басшыларына көмек көрсету қажет» екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қылмыскерлердің кінәсін мойындап келу мүмкіндігіне назар аударды. «Заң осындай жағдайда жауапкершілікті жеңілдетуді көздейді және біз оған барынша ықпал ететін боламыз. Онда мерзімі 15-17 жыл, мерзімі одпн да аз адамдар бар», — делінген хабарламада.
Сәрсенбіге қараған түні Шамхал ауылындағы колониядан алты тұтқын қашып кетті. Дағыстан бойынша ФСИН ММ мәліметі бойынша, тұтқындар жерді қазып қашып кеткен.