Әлемнің миллиардерлері өз капиталдарын сақтап қана қоймай, орташа есеппен 20%-ға ұлғайтты.
«Коронавирус» жылында миллиардерлердің жиынтық капиталы 11,4 триллион долларға дейін өсті.
Биылғы жылы әлем миллиардерлерінің жалпы байлығы 1,9 триллион долларға артты.
Басқаларынан қарағанда 400 қытайлық миллиардерлердің жалпы байлығы көбейді деп атап өтілді. Бір жыл ішінде ол 750 миллиард долларға өсіп, екі триллионды құрады.
Екінші орында байлығы 560 миллиардқа өскен 600 американдық миллиардерлер. Осылайша, ең бай американдықтардың байлығы төрт триллион долларға жетті.
Үшінші орында ағымдағы жылы 95 миллиард долларға байыған француздық миллиардерлер орналасқан. Олардың байлығы 500 миллиард долларды құрайды.
Басылымның мәліметінше, 2020 жылғы 11 желтоқсандағы жағдай бойынша миллиардерлердің жалпы байлығы 11,4 триллион долларды құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (9,5 триллион) 20%-ға артық.
«Бұл пандемиядан туындаған оқшаулау, саяси сілкіністер және, әсіресе ғаламшардың ең бай адамдары үшін байлықтың керемет өскен жылы болды», — делінген материалда.