Дәурен Абаев коронавирусқа қарсы ревакцинация басталуына қатысты пікір білдірді

ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев ревакцинация мәселесінде түсіндіру жұмыстары мен ревакцинация алгоритмдерін дұрыс құру маңызды деп санайды.

«Президент жағдайды бақылауында ұстап отыр. Бұл мәселе күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Ал бұл қай жерде, қандай алаңда көтерілетіні- екінші кезекті және принципиалды емес мәселе. Айталық, сол ревакцинация. Оны бастау уақыттың еншісіне тиесілі болды. Қажеттілік мәселесі тұрған жоқ. Айғақ ретінде елден бұрын бастаған Израильдегі ревакцинациялау тәжірибесін алсақ болады. Айта кетерлігі, статистикаға сүйенсек, ол елде қайта вакцина салдырғандар ішінде коронавирусқа шалдыққандар ауруды 20 есеге дейін жеңіл өткерген», — деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, ол Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық тәжірибеге және ДДСҰ ұсыныстарына сүйене отырып ревакцинацияның нақты алгоритмін жасау міндетті екенін атап өтті.

«Бірінші және, бәлкім, басты сұрақ- адам иммунының қайта қалыптасу мерзімін анықтау. Екінші сұрақ, қандай вакцина егіледі. Үшінші мәселе: «Ashyq» жүйесі қалай жұмыс істейтін болады, яғни «жасыл» мәртебесі қайта қарала ма деген секілді», — деп толықтырды Абаев.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің ревакцинация туралы мәселенің барлық нюанстарын ескеріп, азаматтарға бәрін нақты түсіндіруі өте маңызды.

Добавить комментарий