
ҚР Бас мемлекеттік дәрігері Ерлан Қиясов жаңа шектеулер енгізілетінін хабарлады. Атап айтқанда, дәрігерлердің үйдегі және емханалардағы жұмысын аудио және видеоға түсіруге тыйым салынады.
Қабылданған шаралар коронавирустың алдын алуға бағытталған.
Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар:
1) денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем көліктерінде, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салынады.
Естеріңізге сала кетейік, 26 желтоқсанда республиканың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.