Дәрігерлер COVID-19-дың симптомдары күрт өзгергенін айтты.
Фельдшерлер кәсіподағының басшысы Дмитрий Беляковтың айтуынша, вирус жұқтырғандарда тұмау белгілері байқалады.
«Көбісі COVID-19 бұрыңғыдай қауіпті емес деп есептейді, бірақ олай емес. Инфекция қарқынды дамып келеді», — деді ол.
Дәрігер бұрын мұндай науқастарда пневмонияны жұқтырғаны жеті күн өткеннен кейін байқалатынын, ал қазір үш күн өткеннен кейін белгілі болатынын айтты.
Вирус жұқтырған науқастардың дене қызуы тұмау жұқтырған кездегідей, бірақ ұзағырақ созылуы мүмкін, деді дәрігер Александр Эдигер. «Ауыр неврологиялық белгілер туралы ескертті: науқастардың басы айналып, басы ауырсынып, әлсіздік байқалған. Орыннан бірден тұратын кезде науқас талып қалуы мүмкін», — деп ескертті маман.
Бұған дейін Роспотребнадзор COVID-19-дың ең қауіпті симптомы ентігу екенін мәлімдеген болатын. Ентігу пайда болған жағдайда ауруды асқындырып алмау үшін дереу дәрігерге жүгіну қажет.