Алматыда эндокринолог-дәрігер Юрий Шумковтың өліміне қатысты сот үкімі шығарылды.
«Сот 1987 жылы туған Т. есімді азаматты бірнеше бап бойынша кінәлі деп танып, 18 жылға бас бостандығынан айырды, ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің барынша жоғары мекесінде өтейді», — делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, ол қаза тапқан адамның отбасына, Юрий Шумковтың жесірі мен анасына 15 млн теңгеден моральдық шығын төлеуі тиіс, сондай-ақ қаза тапқан адамды жерлеу рәсімі үшін 4,6 млн теңгені өтеуге міндетті.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 4 сәуірде таңертең Алматыда 1975 жылы туған ер адам аңшы мылтығымен оқ жарақатын алып, қайтыс болған
Аталған қылмыс ізі суымай ашылды. Күдікті қалада енгізілген «Ұстап алу» арнайы жоспарының нәтижесінде ұсталды.
Кейінірек қалалық ПД қайтыс болған гастроэнтеролог-дәрігер Юрий Шумков екенін айтты.