Дөрекілік таныстқан автобус жүргізушісі жазаланады

Қоғамдық көлікте өзін дөрекі ұстаған жүргізуші бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

«Алматыэлектротранс» ЖШС қоғамдық тәртіпті бұзуған ер адамға қатысты шара қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік! Facebook-тегі «Дежурный по городу Алматы» деген топта жарияланған жазбада хабарланғандай, 18 қазан күні кешкі уақытта 158 LM02 мемлекеттік нөмірімен №63а автобус жүргізушісі жолақыны төлеуді талап етіп, баласымен бірге отырған әйелге ақырып, итеріп, баланың ойыншығын сындырған. Сондай-ақ, жүргізуші боғауыз сөз айтып, рөлде телефон арқылы сөйлесіп отырған, жолаушылардан билет көрсетуін талап еткен.

«Алматыэлектротранс» ЖШС баспасөз қызметі жүргізушіге қатысты шара қабылданатынына уәде берді.

Бұл жайт бейсенбі күні өтетін тәртіптік кеңесте талқыланады. Жанжал шығарған жүргізуші жауапкершілікке тартылады, — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Добавить комментарий