Павлодар қаласындағы дөңгелектер жөндейтін орында дөңгелек жарылып кетті. Өкінішке қарай, сол жерлегі жұмысшы қаза тапты, зардап шеккен тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
Қайғылы оқиға 16 шілдеде сағат 13:00-де Павлодар қаласы Жібек Жолы көшесіндегі дөңгелектер жөндейтін орындардыі бірінде болды.
«Дөңгелекті алу барысында жүк көлігінің шинасы жарылып кетті. 38 жастағы жұмысшы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды», — деп хабарлады Павлодар облысы департаменті бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1983 жылғы ер адам ауыр жарақат алған.
«Оқиға орнына жедел жәрдемнің екі бригадасы аттанған. Ауруханаға 41 және 57 жастағы зардап шеккен екі қызметкер жеткізілді. Бір ер адам жабық бас-ми жарақатын алды, миы шайқалып, іш жарақатын алған. Тексергеннен және алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін оны амбулаториялық емдеуге ауыстырды. Екінші жәбірленуші тексеруден және ауруханаға жатудан бас тартты», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК-ның 156-бабы 3-бөлігі бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді көздейді.