COVID-19 жұқтырғандардың 72%-ында омикрон анықталды

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның ең көп тараған штамы «Омикрон» болып табылады. Ол COVID-19 түрін анықтауға бағытталған жалпы зерттелген үлгілердің 72%-ында анықталды.

Елдің барлық өңірлерінде «Омикронның» айналымы анықталды

Коронавирустың «омикрон» нұсқасының айналымы Қазақстанның барлық өңірлерінде тіркелді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният үкімет отырысында.

«Ақпан айында оң нәтижелі үлгілерді кезекті генотиптеу жұмыстары аяқталды. Елдің барлық өңірлерінде «Омикронның» айналымы анықталды және жалпы зерттелген үлгілердің 72%-ын құрады. Сондай-ақ барлық өңірлерде «Омикронмен» қатар, «Дельта» штамының айналымы жалғасуда және жалпы үлгілердің 25%-ын құрайды», — деп хабарлады министр.

Ажар Ғиният ВАК бизнес пен халыққа қатысты шектеу шараларын жеңілдеткенін еске салды, оның ішінде:

Ashyq-та «жасыл» және «көк» мәртебесі бар адамдар (келушілер) үшін барлық эпидемиологиялық қауіп аймақтарында – объектілерге бару рұқсат етілген, сонымен қатар «қызыл» аймақта халық көп жиналатын объектілерді

ұйымдар мен кеңселердің офлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер алып тасталды;

ревакцинация алған немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алған, елге келетін ҚР азаматтары үшін міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылды;

вакциналау паспорттарын бізбен өзара танитын 30 шет елдің азаматтарына ПТР тестісіз кіруге рұқсат етілді;

ауру белгілері болмаған жағдайда байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау тоқтатылды («Ashyq» жобасынан «сары» мәртебені алып тастау).

Барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға вакциналардың барлық түрлерін, соның ішінде «Pfizer» вакцинасын пайдалануға рұқсат етілді.

Сондай-ақ 50 жастан асқан адамдарды ревакциналау үшін және бірінші компонентті шет елде алған адамдарға вакцинаның бастапқы курсын аяқтау үшін «Pfizer» вакцинасын пайдалануға рұқсат етіледі.

Денсаулық сақтау министрі ағымдағы жылы ревакцинация қарқыны өскені байқалғанын атап өтті, бүгінде 2,4 млн адам ревакциналанды, бұл тиісті контингенттің 52,6%-ын құрайды.

Добавить комментарий