COVID-19 жұқтырған қазақстандықтарды жеке клиникаларда емделмеуге шақырды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚДБ басшысы жекеменшік клиникалардың дәрігерлері коронавирустық инфекцияны емдеуде жеткілікті білімі жоқ екенін мәлімдеді.

Тимур Мұратов жансақтау бөлімінде науқастардың басым бөлігі өзін-өзі емдеумен айналысқанын атап өтті. Алайда, ол мемлекеттік медициналық мекемелерде науқастарға жөнді қарамайтыны жайлы тіс жармады.

Қазір жансақтау бөлімінде 75 адам жатыр, оның ішінде 19-ы ӨЖЖ аппаратына қосылған.

«Аналыз нәтижесі көрсеткендей, реанимациялық науқастардың басым бөлігі жеке клиникалардағы дәрігерлердің көмегіне жүгініп, өзін-өзі емдеумен айналысқандар және вакцина салдырмағандар. Науқастардың көбісі ПТР-тестін тапсырмағандарын мойындап, таныс дәрігерлердің кеңесімен емделген», — деді Тимур Мұратов әкімдікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, соның салдарынан адамдардың жағдайы күрт нашарлаған. ҚДБ басшысы жеке дәрігерлердің көмегіне жүгінуге кеңес бермейтінін айтты.

«Жеке клиниканың қызметкерлері хаттамаға сәйкес коронавирусты емдеу нұсқаулары оқытылмаған. Олар күшті әсер ететін антибиотиктерді немесе гормоналды препараттарды ұсынады, бірақ Covid-19 емдемейді. Біз дәрігерлерімізді осы бағытта оқытып, біліктілігін арттыруды жалғастырудамыз», — деп толықтырды басқарма басшысы.

Тимур Мұратов қала тұрғындарын Covid-19-ды емдеуде біліктілігі бар қалалық мекемелердің дәрігерлеріне жүгінуді сұрады.

Добавить комментарий