COVID-19: Вакцинациядан кейін антигендер қалай жұмыс істейді

Адам ағзасында, коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін организмнің зиянды әсерінен қорғануына мүмкіндік беретін тетіктер қалыптасады.

COVID-19-ға қарсы COVAX вакциналарды өндіру және орталықтандырылған сатып алу жөніндегі бағдарламасы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакциналардың қалай жұмыс істейтіні туралы қысқа бейнеролик жариялады.

Вакцина — бұл патогеннің, ауру қоздырғыш микробтың кішкентай, әлсіреген және қауіпсіз түрі, оның бір бөлігі антиген деп аталады.

Бейнероликте вакцинация ауруға әкеп соқпайды, бірақ адам ағзасында иммундық реакция туғызады деп түсінікті тілде айтылған. Келешекте патогеннен қорғау үшін антиденелердің дұрыс түрін жасауға үйретеді.

Егер кейінірек адам ағзасы нағыз патогенмен бетпе-бет келетін болса, ол ауру пайда болғанға дейін оны қалай анықтап, қалай жоюды білетін болады.

Добавить комментарий