COVID-19 қарсы вакцинаны үйде алуға болады

Көптеген қазақстандықтар денсаулық жағдайына байланысты екпе салу пункттеріне бару мүмкіндігі болмағандықтан әлі күнге дейін коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салдырмаған.

Үйде екпе салдыруға болады. Бұл зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін және қолжетімді екені анықталды. Осы қызметті пайдалану үшін тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемеге өтініш қалдыру қажет (телефон арқылы өтініш қалдыруға рұқсат етіледі, содан кейін пациентке иммундау күні белгіленеді). Үйде КВИ-ге қарсы вакцина алуға өтінім қалдырған адамға екі вакцинаның бірін таңдауға ұсынылады — қазақстандық QazVac және қытайлық Hayat-Vax. Тізімде «Спутник V» болмайды, себебі ресейлік препараттың бір бөтелкесі бес адамға есептелген, ал QazVac мен Hayat — бір адамға арналған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, мобильді топта міндетті түрде учаскелік дәрігер немесе терапевт болады, ол аталған азаматты тексеріп, оң нәтиже болса, вакциналау ұсынылады.

«Бүгінгі таңда осы санаттағы адамдар үшін бізде бір дозалы вакциналар бар — QazVac мен Hayat-Vax. Барлық ережелер емханадағыдай: вакцинация алдында толық тексереді, одан кейін — 30 минут бақылауда болады. Сондай-ақ, үш күннен кейін қоңырау шалып, азаматтың жағдайын біледі», — дейді Ержан Байтанаев.

Добавить комментарий