2019 жылдың соңында әлем тұрғындары қауіпті COVID-19 індетіне тап болды. Қазіргі таңда вакциналар әзірленді. Көптеген елдерде халықты вакциналау науқаны басталды, бірақ вакцинаның қаншалықты тиімді екенін уақыт көрсетеді. Қазір кез-келген адам өз елінде еркін жүріп-тұруына шектеу қойылған, олар белгіленген ережелерді ұстануға және карантиндік шараларды сақтауға міндетті. Барлық сақтық шаралары бір мақсатпен — халықты қауіпті вирустан қорғау мақсатында қабылданды. Бұл ережелерді кез келген адам міндетті түрде сақтауы керек.
Бірақ өкінішке орай, бұл мәселеге көптеген адам байыпты қарамайды. Мысалы, Албания Ресей елшілігінің екінші хатшысы Кривошеев бірнеше рет карантин шараларын бұзғанын мәлімдеді. Нәтижесінде оны нон грата тұлғасы деп жариялап, елден кетуін сұрады. Ресей тарапы өз қызметкеріне тағылған айыптарды негізсіз деп санайды. Мұндай мәлімдемені кем дегенде бірнеше себептермен орынсыз деп атауға болады.
- Кривошеев 2020 жылдың сәуір айынан бастап карантиндік шараларды үнемі бұзып келді, яғни 10 ай бойы Албания билігі сабырлық танытып, мұндай қатаң шара қолданғысы келмеді.
- Сондай-ақ, Албания үкіметі Ресей елшісі Михаил Афанасьевтен қалыптасқан жағдайды жеке бақылауына алуын сұрады. Афанасьев Алексей Кривошеев тарапынан бұзушылықтар енді қайталанбайтынына уәде берді. Бірақ дипломатиялық ведомство қызметкері инфекцияға қарсы күресу үшін бекітілген ережелерді бұзуын жалғастырды.
- Әр түрлі дереккөздердің ақпаратына сәйкес, Кривошеев COVID-19-бен ауырып шыққан. Бірақ қауіпті індетті жұқтырған кезде де карантинді бұзған.
Енді Албания билігі ескертуді елемеген, заңды бұзуын жалғастырып келген адамға қандай шара қабылдауы керек деген сұрақ туындайды. Елде 70 мыңнан астам науқас тіркеліп, олардың 1500-і қайтыс болды. Қаңтар және ақпан айларында, Албания Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирустық инфекцияның барлық кезеңіндегі сырқаттанушылық бойынша ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі тіркелді. Пандемияға қарсы күрес — ол баршаға ортақ жауапкершілік. Егер ел ішінде еркін жүріп-тұруға шектеу енгізілген болса, ойын-сауық орындары мен қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына түнгі уақытта тыйым салынса және маска міндетті болса, онда бұндай ережеге барлығы бірдей мойынсұну керек.
Елшіліктің қызметкерлері, өздерін әлеуметтік топтың бір бөлігі екендігін қабылдайтын кез келді. Олар өздері орналасқан мемлекеттің ережесі мен заңына бойсұнуға міндетті.