Цой: Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

«Екі ірі клиника қайта қалпына келтірілу кезеңінде, 3 640 мобильді бригада ұйымдастырылып, 5 998 ӨЖЖ аппараты ағымдағы эпидемиялық маусымда жеткізіледі.

Қазақстан коронавирустың кезекті толқынына дайындалуда», — деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

«Жағдай тұрақты. Негізгі көрсеткіштер төмендеп жатыр. Бірақ біз көршілерімізге және әлемнің басқа елдерін бақылап отырмыз. Италия, Испания, Германия, Түркияда сырқаттанушылық күрт артуда. ТМД-да өсім Қазақстанға қарағанда 0,5% жоғары. Біз де коронавирустың кезекті толқынына дайындалып                      жатырмыз», — деді Цой.

Оның айтуынша, қазіргі таңда 10 257 қорына 71 мыңнан астам төсек-орын салуға дайындалып жатыр.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда екі ірі клиника қайта қалпына келтірілу кезеңінде, 3 640 мобильді бригада ұйымдастырылып, 5 998 ӨЖЖ аппараты қазіргі эпидемиялық маусымда жеткізіледі.

Санитарлық автокөлік қызметін толық жабдықтандыру жүргізілуде. 1 167 бірлік қосымша сатып алынып, өңірлерге жеткізілетін болады. Ауылда көмек көрсету үшін 100 жылжымалы медициналық кешен, 53 рентген аппараты ауыл тұрғындарына қажетті көмекті қамтамасыз ету үшін өңірлерге жіберіледі, — деп нақтылады министр.

Сонымен қатар, ол жаңа эпидемиялық маусымда қосымша тұмауға қарсы 2 199 990 доза сатып алынғанын хабарлады.

«Қазір вакциналар өңірлерге келіп түсті. 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында тұмауға қарсы жаппай иммундау басталады. Қазірдің өзінде өңірлердің бір бөлігі бұл жұмысты бастады. Түрлі елдермен және өндірушілермен жасалатын КВИ-ге қарсы 5 млн 580 мың доза вакцина сатып алу мәселесін пысықтап жатырмыз. Сондай-ақ, қазақстандық вакцина мәселесін қарастырамыз», — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

 

Добавить комментарий