Чернигов облысын Ивановск ауданының басшысы Ресей армиясы жасаған қылмыстарын айтты

Елена Швыдка, Чернигов облысындағы Ивановск ауыл қауымдастығының басшысы. Ол Ресей армиясы қандай қылмыстар жасағанын білетінін айтты.

Оның айтуынша, Ресей әскері 17 ауылды біріктіретін ауыл қауымдастығында 25 күн болған. Украинадағы соғыс қимылдары басталғанға дейін елді мекендегі тұрғындарың саны 7027 адамды құраған..

«Ұрыс қимылдарынан Иванов қауымына келтірілген ең ауыр соққы — психологиялық жарақат алған адамдар. Олардың өз көздерімен көрген және бастан өткерген жаға ұстатарлық жағдайларды ешқашан ұмытпайды және кешірмейді. Елді-мекен үшін ең үлкен сын-қатер — алдағы қыс мезгілі. Мыңнан астам отбасы далада қалды, қақаған қыс айы келгенде не істерін білмей отыр, көбісі барлық жиған-терген дүние мүлкінен, үй тұрмысына қажетті көрпеше, шәйнек, үтік, ыдыс-аяқ сияқты жабдықтарынан айырылды», — деді Украина қалалары қауымдастығының кеңесшісі Иван Фурсенко.

«Иванов аумақтық қауымы — Ресей армиясы жасаған қылмыстардан ең көп зардап шеккен елді-мекендердің бірі. Ұрыс қимылдарының салдарынан Иванов аумақтық қауымында 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында өлім-жітім деңгейі 14 есеге артты, 1300-ден астам үй шаруашылығы толығымен қирады», — деп мәлімдеді Елена Швыдка.

Иванов аумақтық қауымы — келбеті келіскен көрікті ауыл. Черниговтен 30 шақырым, Киевтен 160 шақырым жерде.

Ресейлік техника мен әскери колонналар ауылға бір минут ішінде кірді, барлығы 400-ден астам бірлік техника болды. «Олар бұл қылмыстарды бұйрық бойынша жасаған», — деп сенеді Иванов аумақтық қауымының төрағасы Елена Швыдка.

Қазір аумақтық қауымның аумағында адам денелері мен дене бөлшектері табылып жатыр.

Адамдар жертөледе отыруға мәжбүр болды. Олардың бірінде бір уақытта 400 адам болған, ең үлкені 92 жаста, ал ең кішісі 2 айлық бала. Тексерілмеген мәліметтер бойынша, олардың 11-і қаза тапқан.

Адамдар қаза тапқандарды үйдің ауласына жерлеуге мәжбүр болды.

«Аумақтық қауымда Ресей армиясының қылмыстарын тергеу және дәлелдемелер жинау бойынша жұмыс жүргізілуде», — деп хабарлады Елена Швыдка.

Добавить комментарий