Челябі кеденшілері Қазақстаннан Ресейге 17 тонна насыбай тасымалдаған жүк көлігін кері қайтарды. Жүк көлігі Бугристое халықаралық автомобиль өткізу пунктінде тоқтатылды, оның тіркемесінде 500 қап жасыл түсті ұнтақ табылды
Құжатқа мәйкес, жүк көлігі ағаш күлі мен темекі шикізатын әкеле жатқан, бірақ сараптама мұның насыбай екенін көрсетті. Партияның қара нарықтағы құны 25,5 млн рубльге жетеді.
Тасымалданған тауар Ресейден шығарылды, себебі ол құжатқа сәйкес келмеді.