Чехия Сыртқы істер министрі НАТО мен РФ арасындағы қарым-қатынас туралы айтты

Чехия СІМ басшысы Якуб Кулганек НАТО мен Ресей келіссөздер процесін қайта бастауы керек деп санайды.

«Біздің [НАТО] басты мақсатымыз Шығыс Еуропа аймағындағы шиеленісті азайту болуы тиіс. Ресей арандату сипатындағы әрекетке бармауы керек еді. Бұл қиынға соғады, дегенмен келіссөздер үстеліне қайта отырып, диалогты қайта бастау керек», — деп атап өтті Кулганек. Оның пікірінше, қазір «доп Ресей жағында тұр».

Солтүстікатлантикалық альянс РФ-мен диалогқа ашық деп ойлайды. Кулганектің айтуынша, екі жарым жыл бойы Ресейдің бастамасымен Ресей — НАТО кеңесінің отырысы өткізілмеді.

РФ СІМ басшысы Сергей Лавров 31 қазан күні Римде Жиырмалық тобы елдерінің саммитінің қорытындысы бояфйынша мәлімдегендей, Ресей НАТО Мәскеумен байланыс орнатқысы келетіні туралы ақпараттан хабардар емес. Лавров бұл фактілер НАТО-ның Ресеймен өзара ықпалдасуға ниетті емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ресей — НАТО кеңесі өткізілгенде, альянс Ресейге «ақыл айтып», кеңестің әр отырысында оларды  «Украинадағы жағдайды талқылау үшін» жинаған. Лавров атап өткендей, НАТО «Ресей Федерациясына қарсы үгіт-насихат жүргізіп, қысым көрсетуге» күш-жігерін салған.

6 қазанда НАТО жанындағы Ресей миссиясының қызметкерлерінің санын 20-дан 10 адамға дейін қысқартылғаны жарияланды, сегіз дипломаттың аккредитациясы кері қайтарылды, тағы екі бос орын жойылды. Альянс ресейлік дипломаттарға Брюссельден кетуге қазан айының соңына дейін уақыт берді. 18 қазанда Лавров РФ Солтүстік Атлант альянсының Ресей тұрақты өкілдігінің қызметкерлерін аккредиттеуді кері қайтарып алу туралы шешімінен кейін НАТО жанындағы тұрақты өкілдігінің жұмысын қараша айында тоқтататынын хабарлады. Сонымен қатар, Мәскеудегі Байланыс әскери миссиясы мен НАТО Ақпараттық бюросының қызметі тоқтатылды.

Добавить комментарий