Чехия РФ-ның орнына БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің құрамына кірді

Чехия Ресей Федерациясының орнына Адам құқықтары жөніндегі қауіпсіздік кеңесінің құрамына кіргенін мәлімдеді. Айта кетейік, Чехия Шығыс Еуропа елдері арасында жалғыз үміткері болды.

БҰҰ Бас Ассамблеясы сейсенбі күні Чехияны Адам құқықтары жөніндегі дүниежүзілік ұйым кеңесінің құрамына қосу үшін дауыс берді.

7 сәуірде Украина бойынша Бас ассамблеясының арнайы сессиясында Ресейдің АҚК-ға мүшелігін тоқтату жөнінде батыстық қарар қабылданғаннан кейін Чехия шығыс еуропалық елдер тобында жалғыз үміткер болды.

Жаңа елді қосу туралы шешім қабылдау үшін 97 дауыс жинау керек болды, сайлау жасырын түрде өтті. Делегациялар бюллетеньдерді жәшіктерге салды. Чехия 157 дауыс жинап, 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін АҚК-ның құрамында болады.

АҚК — БҰҰ жүйесінің үкіметаралық органы. Ол 2006 жылы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның орнына құрылған. Кеңеске 47 мемлекет кіреді, олардың әрқайсысын Бас ассамблея үш жылға көпшілік дауыспен тікелей жасырын дауыс беру жолымен сайлайды.

Бұған дейін РФ-ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Геннадий Кузьмин Ресей АҚК-ге мүшелікті мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген.

Добавить комментарий