Чехия дипломаттарды еліне қайтарды: СІМ басшылары жағдайды талқылайды

ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Еуроодақтың 27 елінің сыртқы істер министрлері отырысының күн тәртібіне Чехиядан 18 ресейлік дипломаттың еліне қайтарғанына қатысты жағдайды талқылау мәселесі енгізілгенін мәлімдеді.

«Ресеймен қарым-қатынас бөлімінде біз ресейлік дипломаттарды Чехиядан шығарылу мәселесін талқылаудан бастаймыз, чех әріптесіміз бұл туралы бізді хабардар етеді», — деді Боррель.

Естеріңізге сала кетейік! Чехия СІМ 18 ресейлік дипломатты ел аумағынан шығаратынын мәлімдеген болатын. Бұған жауап ретінде Ресей дипломаттар санының тепе-теңдігін еске салып, РФ-дағы Чехия елшілігінің 16 дипломаты мен 4 қызметкерін нон грата тұлғасы деп жариялады.

Добавить комментарий